«Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы»

Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол – қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр. Біз ибалы да инабатты, тәлім-тәрбиелі қыз өсіру арқылы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп отырмыз.
 
Кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың,оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің,аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жарияланған 1 ай іс-шара жоспары аясында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде
«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында Қаратау аудандық әжелерден құралған «ҮКІЛІ ӘЖЕЛЕР» тобымен кездесу өткізілді.
 
Кездесу барысында мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы сөз алып, ата-бабаларымыздың салып кеткен жолымен қыз тәрбиесіне қатысты тереңінен ой қозғады. «ҮКІЛІ ӘЖЕЛЕР» тобының төрайымы Бойшева Қыздығой апай да қыз тәрбиесі бойынша өнегелі өсиет сөздермен кездесудің сәнін ашты. Алдағы уақытта да осындай кездесулер жалғасын таппақ.
x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...