Құрылысы аяқталған «1-М-1» қосалқы станцияға техникалық сынақ жүргізілуде

Шымкент қаласында 2019 жылы құрылысы басталған «1-М-1» қосалқы станциясының құрылысы аяқталып, бүгінде техникалық сынақ жұмыстары жүргізілуде. Орнатылған трансформаторларды тексерістен өткізу жұмыстарының барысымен пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері танысты.
Атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырған қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарма басшысының орынбасары А.Ашаев қосалқы станциясы сынақтан өтіп, іске қосылғанда қаланың 5 бірдей елдімекені сапалы қуат көзіне қосылатынын айтты.
 
Атап айтар болсақ, олар Асар-2, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ, Достық, Қайтпас-2 шағынаудандарындағы 60 мыңға жуық тұрғын қамтылады деп көзделуде. Қоректендіру желісі 110 кВ құрайтын қосалқы станция Бозарық станциясынан қуат алатын болады.
Жобанның жалпы құны — 4,6 млрд теңгені құрайды. Қосалқы станция заман талабына сай, жабық жағдайда салынған. Желілердің ұзындығы – 5,2 шақырымды құрайды. Нысанның құрылысын мердігер мекеме «Электромонтаж» АҚ жүргізді.
Басқарма басшысының орынбасары қаланың шалғайдағы шағынаудандарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келетінін айтып, ол жұмыстар үнемі қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бақылауында екенін атап өтті.
x

Check Also

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға ...