«Құрметті ардагер» халықаралық акциясы басталды

 
Қазақстанда «Құрметті ардагер» атты халықаралық қайырымдылық акциясы басталды. Пандемия кезінде майдангерлерді қаржылай қолдауды Ресей елшілігі жүзеге асырмақ.
Бір жарым мыңға жуық екінші Дүние жүзілік соғыс, Ауған және басқа да жергілікті соғыстың ардагерлері қаржылай көмек алады. Таңдау материалдық қолдауды қажет ететіндерге түсті.
«Біз бұл шараны Қазақстанда, тікелей Нұр-Сұлтан қаласында бастаймыз. Шараға келген ардагерлерге 100 мың теңгеден табысталады. Тиісті талаптарды Қазақстанның ардагерлер қозғалысы анықтады. Көмек көрсету үшін Қазақстанның қалаларын барынша қамтуға тырысамыз», — деді Ресейдің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе Вадим Ухналев.
 
Қайырымдылық акциясына қатысушылардың бірі Александр Сборщиков 1979 жылдары Ауғанстанда болды. Сборщиковтың жасы небәрі 19-да еді. Ол Витебск әскери-десанттық дивизиясының құрамында моджахедтерді жою үшін, ең ірі Кунар операциясына қатысты.
«Жарақатым жеңіл болды. Құдай көрді. Мен бұл туралы еске алғым келмейді. Жылдар бойы ұмытылмады. Бірақ уақыт өте келе танышталдым», – деп атап өтті Александр Сборщиков.
 
Аталған іс-шараға ТМД жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі Комитет те қолдау көрсетеді. Халықаралық бағдарлама аясында ардагерлерге оңалтудың техникалық құралдары сатып алынып, шипажайға емделуге жолдамалар беріледі.
«Біз Ресей Федерациясының елшілігіне ардагерлерімізге көңіл бөлгендері үшін ризашылық білдіреміз. Ардагерлерді ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Өйткені Ауғанстан соғысында ортақ Отанымызды қорғады. Сондықтан бұл игі іс біздің міндетіміз деп орындап жатырмыз», — деді ТМД Үкімет Басшылары Кеңесі жанындағы жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Шәрібай Өтегенов.
 
Ауған соғысы жылдарында 21 қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен. Ардагерлер қозғалысы мен елшіліктердің бірлескен жұмыс нәтижесінде екі жауынгердің денесі табылды. Батырлар өз Отанында жерленді.
x

Check Also

Түркі әлемі үшін ортақ мәселелер талқыланды

Түркітілдес елдердің Парламент өкілдері заманауи жаһандық сын-қатерлері аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті. Бұл түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 10-шы ...

173 мұғалім 2021 жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер

173 мұғалім 2021 жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер. Бүгінгі таңда республикалық комиссия үздіктерді таңдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кәсіби мереке ...