Қазақстанда әркім маңызды!

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданына Ұлттық халық санағын жүргізу науқанында үлкен жауапкершілік артылып отыр. Себебі аудан халық тығыз орналасқан, адам ағыны көп қаланың орталығы болып табылады. Тұрғындардың ұлттық санаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында аудан аумағында дыбыстық хабарлама ұйымдастырылды. Арнайы көлік дабыл дыбысымен азаматтарды санақтан өтуге шақырды.
 
Қазір Ұлттық санақтың екінші кезеңіне сәйкес азаматтар онлайн форматта санақтан өтіп жатыр, яғни қала тұрғындары 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өте алады. Сайт тәулік бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылды.
 
Онлайн санаққа қатыса алмағандар қазан 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.
Бүгінде Әл-Фараби ауданындағы нысандарды толық қамту үшін 29 учаскеге бөлініп, 265 нұсқаушы-бақылаушы және 186 интервьюер жұмыс атқаруда.
Барша азаматтарды санақта белсенділік танытуға шақырамыз. Қазақстанда әркім маңызды.
x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...