Қала мектептерінде Тәуелсіздік жетістіктері сараланды

Шымшаһардағы барлық мектептерде қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі. Ұрпақ санасына егемендік жылдардың қасиетін түсіндірер жоба аясындағы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектебінде бастау алды.
Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу.
 
Ашық сабаққа тек оқушы мен ұстаздар ғана қатыспай, қаланың қалыптасуына және аймақтың дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылған. Жиынға ардагер ұстаз Нышанбек Байғұтов, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Меруерт Асқарбекқызы қатысты.
 
Тәуелсіздіктің жетістіктерін жете түсінген жас буын, кездесуге келген қонақтарға сұрақтар қойып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас ұйымдастырды. Сынып сағатында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, осы жолдағы Елбасының сарабдал саясатының жемісі, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы келелі сөздер айтылды. Іс-шарада оқушылар өнерін ортаға салды. Бірі ақын-жазушылардың өлеңін жатқа оқыса, енді бірі домбырамен ән шырқады.
x

Check Also

Шымкент: Абай ауданында көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда

Инфрақұрылымдық жобалар ауданның даму қарқынын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Абай ауданында биыл 50 көшеге 45 шақырым аяқжол ...

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін ...