Өзін – өзі тану – өмірді тану

2021 жылы 10 қыркүйекте Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының «Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру және Өзін-өзі тану пәні» бөлімінің жұмыс жоспары бойынша «Біз біргеміз» атты шығармашылық топтың ұстаздары қалалық Ы.Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында кездесіп «Өзін-өзі тану-өмірді тану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, жаңа оқу жылына арналған жоспарды жүзеге асыру, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеялары контексінде тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқытуды ұйымдастыру.
Кездесу аралас форматта өтті. Кездесуге Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназиясының педагогтері А.Жунисова, А.Науатова, №75 мектеп-гимназиясының педагогтері А.Сейденова, М.Төрегелдиева, З.Космедемьяская атындағы №23 мектеп-лицейінің педагогы А.Сағымбаева, №131 жалпы орта мектебінің педагогы Г.Каримова, №103 жалпы орта мектебінің педагогы Г.Мырзахметова, №16 жалпы орта мектебінің педагогы Д.Дербіс, №25 жалпы орта мектебінің педагогы Ә.Тоқтасын, №1 мектеп-интернатының педагогы Д.Аханова қатысты.
Топ мүшелері жұмыс жоспарын түрлі бағыттар бойынша қарап, құндылықтар негізінде құрылған идеяларын дамытып, жасақтады.
Кездесу барысында педагогтер Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқыту-тәрбиелеу жүйесімен танысып, ондағы шығармашыл педагогтердің еңбектерін тамашалап, кітапханасына, мұражайына, Өзін-өзі тану кабинетіне саяхат жасап өзара тәжірибе алмасты.
Шығармашылық топтың төрайымы Жунисова Ақжан Забурқызының жетекшілігімен қалалық Өзін-өзі танушылар бір жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан республикалық «Ақылдым» журналының редакция алқасы кездесу кешіне келіп ұстаздарға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Нәтижесінде щығармашылық топтың Өзін-өзі тану: рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясында жұмыс жоспары дамытылып, алға қойған мақсаттары айқындалды.
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...