Мұрат Әйтенов оқушылардың мектепке жасаған игі істеріне ризашылық білдірді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жастар лигасында» баскетболдан бірінші орын алған М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия-мектебінде болды. Онда сенбілікке қатысып, оқушылармен кездесті.
Бұл мектептің оқушылары да жиырма млн теңге болатын жүлде қорына материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында он екі дана жылжымалы интерактивті панель алған.
 
Мұрат Әйтенов баскетбол командасының мүшелерімен тілдесіп, олардың спортта көрсеткен жетістіктерін ерекше бағалап, мектепке жасаған игі істеріне ризашылығын білдірді.
Білім мекемесінің жұмысымен танысу барысында қала әкімі актив-панель орнатылған кабинеттерді көрді.
Гимназия еліміздегі ең үздік  жүз  мектебінің қатарына кірген білім ошағы.
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...