Мүмкіндігі шектеулі спортшылар спартакиадасы

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар Шымкентте бас қосты. Олар республикалық спартакиада аясында өзара мықтыны анықтап жатыр. Бас-аяғы 300-ден аса қатысушы 5 спорт түрінен сынға түседі. Жарыстың алғашқы күні дойбы және шахмат бәсекелері басталды. Дойбы 7 турдан тұрады. Оған 17 өңірден 80-нен аса спортшы қатысады. Ал шахматта 16 өңірден келген спортшылар бақ сынайды. Жарыста көру қабілеті нашар және тірек-қимыл аппараты зақымданғандар үшін бөлек топ құрылған.

Сонымен қатар тоғызқұмалақтан 15 өңірдің өкілі сынға түседі. Ал спорттық мерекенің сәніне айналған арбада отырып билеу сайысы комби еркін, комби еуропалық, комби латина, комби фристайл, дуо латина, дуо фристайл және сингл фристайл сынды 10 номинация бойынша ұйымдастырылады. Оған 50-ден астам спортшы қатысады. Бұған қоса, бүгін паракаратэден іріктеу сындары өтеді. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың республикалық спартакиадасы осымен 6-шы мәрте ұйымдастырылып тұр.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...