Мүмкіндігі шектеулі спортшылар спартакиадасы

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар Шымкентте бас қосты. Олар республикалық спартакиада аясында өзара мықтыны анықтап жатыр. Бас-аяғы 300-ден аса қатысушы 5 спорт түрінен сынға түседі. Жарыстың алғашқы күні дойбы және шахмат бәсекелері басталды. Дойбы 7 турдан тұрады. Оған 17 өңірден 80-нен аса спортшы қатысады. Ал шахматта 16 өңірден келген спортшылар бақ сынайды. Жарыста көру қабілеті нашар және тірек-қимыл аппараты зақымданғандар үшін бөлек топ құрылған.

Сонымен қатар тоғызқұмалақтан 15 өңірдің өкілі сынға түседі. Ал спорттық мерекенің сәніне айналған арбада отырып билеу сайысы комби еркін, комби еуропалық, комби латина, комби фристайл, дуо латина, дуо фристайл және сингл фристайл сынды 10 номинация бойынша ұйымдастырылады. Оған 50-ден астам спортшы қатысады. Бұған қоса, бүгін паракаратэден іріктеу сындары өтеді. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың республикалық спартакиадасы осымен 6-шы мәрте ұйымдастырылып тұр.

x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...