Мұхтар Әуезовтің туғанына 124 жыл

Биыл қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 124 жыл. Осыған орай Әуезов атындағы оқу ордасында халықаралық дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Алқалы мәжілісте жазушы мұрасы және бүгінгі руханият әлемі турасында бұрын соңды айтылмаған тың деректер талқы таразысына салынды.

Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры

«Әуезов мұрасы және бүгінгі руханият әлемі» деп аталған жиынның мән-маңызы ерек. Мақсат бір. Мүдде айқын. Ұлы жазушының шығармашылығын 21 ғасыр негізінде зерттеп, зерделеу. Сондай-ақ, қаламгердің көркем әңгіме, публицистикалық мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау дейді шараны ұйымдастырушылар.

Сандыбай Боранбаев – филология ғылымдарының докторы

Ұлы тұлғаның беймәлім және зерттелмеген дүниелері әлі де көп. Осыны ескерген университет басшылығы осыдан үш жыл бұрын «Мұхтартану» орталығын ашты. Қазір мұнда жазушының қаламынан туған дүниелер мен Әуезовтың таңдайқақты қырларын ашу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Нәтиже бар. Жуырда ғана «Мұхтартану» ғылыми орталығының қызметкерлері Абай Құнанбаевтың Шымкентте жерленген перзенті Тұрағұл Ибраhимұлына қатысты тың дерек жариялады. Яғни, Тұрағұлға байланысты жәдігер тастұғыры табылды.

Ақжол Қалшабек — «Мұхтартану» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері

Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған дөңгелек үстел мәжілісінде 11 алыс-жақын шетел ғалымдары Әуезов шығармалары туралы ой қозғады. Баяндама оқыды. Авторлар ғұлама жазушының прозалық, драмалық шығармаларына талдау жасаумен бірге оның педагогикалық және философиялық ой-пайымдары туралы тұжырымдарын кеңінен талдады. Іргелі оқу ордасының ұжымы келер жылы заңғар жазушының 125 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтпек. Айтулы датаға дайындық шараларын қазірден бастап кетіпті.

x

Check Also

Шардара ауданының өнерпаздары Түркістанда

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз ...

Түркістанға ерекше мәртебе беретін заң қабылданады

Үкімет Парламентке Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын ұсынады.  ҚР Премьер-Министрі ...