Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында

Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында Терешкова атындағы #31 жалпы орта білім беретін мектебіне ҚББ басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы келіп мектептің тыныс тіршілігімен танысты.
Мектептің үйірме жұмыстары: футбол, волейбол, баскетбол, роботехника, тоғызқұмалақ, шахмат, стол теннисі, домбыра, би үйірмелерімен танысып оң бағасын берді.
 
Сонымен қатар мектептің «Дебат» және «Айбын», «Жас сарбаз» клубтарының жұмыстарымен танысып, оқушылармен пікір алмасты.
Сондай-ақ сыныпта оқитын оқушылармен әңгімелесіп бүгінгі таңда мұғалімдерімен қауышып, сыныптарын көргендеріне және дәстүрлі форматта білім алып жатқандарына қуанышты екендеріне көз жеткізді.
Ұжыммен кездесіп ой пікірлерін тыңдап, мектеп ұжымына ұсыныстарын айтып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады!!!
x

Check Also

Ұстаз болу — жүректің ісі

Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ...

Youtube каналынан рухани тақырыпта сабақ беретін ұстаз

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – тек білім беруші ғана емес, ұлттың рухани қазынасын шәкірт бойына сіңіруші, ана тілінің ...