Мұғалімдер біліктілігін арттырады

Бүгін Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар» тақырыбында семинар өтті. Жиынды Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұяқбаев жүргізіп отырды.
 
Семинарға қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің «Дінтану және зайырлылық негіздері» пәнінің мұғалімдері мен мегаполис аумағындағы мешіт имамдары қатысты. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы зайырлы мемлекет ұғымына тоқталып, әрбір азамат кереғар ағымнан сақтану үшін діни сауатты, танымы мол болуы тиіс екенін алға тартты.
 
Сонымен қатар, теолог, PhD доктор Е.Бекбосынов пен ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Н.Мамедалиев баяндама жасап, тақырып бойынша қатысушылармен пікір алмасты.
Бірнеше жылдан бері оқу бағдарламасына енген бұл пән 9-сынып оқушыларына аптасына 1 рет жиілікпен өткізіледі.
 
– Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан еліміздегі көптеген этностар мен мәдениеттер арасындағы этносаралық, конфессияаралық құрмет пен төзімділікті сақтап, өзара татулықты орнату, рухани-адамгершілік құндылықтардың ортақ жүйесін құру – әрбіріміздің парызымыз. Ол үшін біз кереғар ағымдар туралы түсінігімізді жетілдіріп отыруымыз қажет, — дей келе, теолог Е.Бекбосынов мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған тың мәліметтермен бөлісті.
 
Пікір алмасу барысында ұстаздар қауымы пәнге қатысты сауалдарына жауап алып, дәріс барысында кездесетін пікір қайшылықтары туралы теологтардан кеңес алды. Сондай-ақ, бұл пәнді келешекте тарих, география пәнінің мұғалімдері емес, теологтардың оқытуы тиіс екені айтылды. Жиын соңында пән мұғалімдеріне арнайы дәрістен өткені жөнінде сертификат табысталды.
x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...