Шымкент қаласында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалуда. 2021-2025 жылдары кәсіпкерлерді жүйелі қолдау шаралары жүзеге аспақ.
Шымкентте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. 2021 жылы жиырма бір жобаға несие берілді. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында бес жүз кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Биыл 180 жоба қаралуда.
Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында үш жүз шағын бизнеске қолдау көрсетіледі. Биыл 58 жобаға қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар, қалада алдағы бес жылда 2,5 трлн теңгеге екі жүз он бір инвестициялық жоба (14 мың жұмыс орны) іске асырылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп бағытында 98, сауда он бес , ауыл шаруашылығы 98, білім жиырма, тұрғын үй отыз бір және денсаулық сақтау саласында тоғыз жоба қолға алынбақ.
Айта кетсек биыл 157 млрд теңгеге 47 жобаны іске асыру жоспарланған.