Мазараттың қоршаулары ретке келтірілді

Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданындағы мұсылман мазаратының ішкі және сыртқы қоршауларының сынған жерлері қалпына келтірілді. Сондай-ақ, онда заңсыз ашылған кіріп-шығу есіктері де бекітілді.
Жалпы аудан аумағында бес мұсылман мазараты орналасқан. Мазарат маңының қураған шөптерін ору, сынған және қураған ағаштарын бұтау, қоқыс шығару жұмыстары кестеге сай тұрақты түрде атқарылып келеді.
Күтіп-баптауына жауапты «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы аптасына екі рет тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады. Оған мекеме тарапынан он техника, отыз адам жұмылдырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарын аумақты ластамауға, бекітілмеген орынға қоқыс тастамауға шақырамыз.
x

Check Also

Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет 2,5 айлық сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды. Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ...

Шымкентте қала күніне орай республикалық ақындар айтысы өтеді

Бұрыннан белгілі болғандай ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне Орталық Азия және басқа да халықтарға ортақ мұраның элементтері енгізілген. ...