Көпбалалы аналардың мәселелері қаралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Көпбалалы аналардың мәселелері қаралды

«Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев көпбалалы аналармен кездесті. Онда сауалдардың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй мәселелеріне қатысты қойылды.
Марат Әбдімәжитұлы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар тоқсан сайын толық тексеруден өтетінін, арнайы құрылған комиссия хабарласқанда ұялы телефонын көтермеген, көрсетілген мекенжайда табылмаған азаматшаларға көмектің берілмейтінін түсіндірді. АӘК тізіміне іліне алмай қалған аналардың келесі айда көмек алу өтінішін жаңадан тапсыруға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.
Көпбалалы аналар АӘК жайында сұрақтарын қойып, аталған көмек туралы толық ақпарат алды.
 
«Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығының мекенжайы: Әл-Фараби алаңы 3/2. Байланыс нөмірі: 8 708 686 79 23
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...