Иппотерапия циркте

Бүгін Шымкент Цирк мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернаттың 15 оқушысы және қызығушылық танытқан балалар мен ата-аналары қатысты. Олар Шымкент — Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты.
Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысып шықта. Балалардың бәрі ат үстіне мініп мәз болып, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.
 
Иппотерапияға қатысқан балалардың басым көпшілігінде ой-өрісінің кеш дамуы, қимыл-қозғалысының әлсіздігі бар. Ал оны емдеуге жылқыға мініп жаттығу көмектеседі.
Жылқыға мініп жаттығу арқылы емдеудің тиімділігін дәрігерлердің өзі мойындаған. Бүгінде ерекше балалар сәйгүліктерге мініп біраз серуен құрды. Таңдап алынған жылқылар салт жүріске жайлы, тарпаң мінезі жоқ, жуас. Атпен серуендеу ең алдымен тамаша массаж. Ат үстіндегі адамның барлық бұлшық еті жұмыс істейді.
 
Иппотерапия:
— Дене белсенділігі артырады;
— Жаңа қабілеттері ашуға көмек етеді;
— Психикалық оңалудан өтуге үлес қосады;
— Цеберальды сал ауруларын оңалтуда септігін тигізеді;
— Ойлау қабілетін жақсартады;
— Бойдағы қорқыныш пен үрейден арылтады.
Қосалқы мектеп-интернаттың меңгерушісі де балалардың айрықша қуанғанын айтып, Шымкент-Циркке алғысын білдірді. Алдағы уақытта Цирк ұжымы ерекше балалардың оңалуы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
x

Check Also

Шымкент: Достық әуенімен өрілген мереке

Шымкент қаласындағы Достық үйінде үш маңызды оқиғаны — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Шымкент қаласындағы Балалар өнер мектебінің 45 жылдығы ...

Шымкент вошел в тройку лидеров в республике по экономическому росту

Экономика города Шымкента стабильно растет в последние годы. Это результат системной работы, направленной на создание благоприятного инвестиционного климата. К примеру, ...