Оқу үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуын мақсат еткен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 21 қыркүйек күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының «Инклюзивті білім беру» зертханасының бас сарапшысы С.Қ.Исмагулова зерделеу жұмысын бастады.
Бас сарапшы зерделеу барысында білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларына сүйене отырып, инклюзивті оқыту үдерісінде балаларды жетістікке жетуге, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың жоспарларымен танысты.
Әдістемелік орталық директоры, ф.ғ.к М.А.Медетбекова осы зерделеу жұмысының кординаторы ретінде инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс жоспары туралы әдістемелік ұсынымдар мен бағыт-бағдар берді.
Бұл зерделеу жұмысының арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмай мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыруда маңыздылы бар деген ойдамыз.
Әдістемелік орталық