Хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды

Шымкент қаласының инвестицялық штаб отырысының екінші бөлімінде хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Ол бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков баяндама жасады.
 
Жалпы 126 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 75-і орындалса, 51-і орындалу сатысында. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 79 тапсырма, энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы тарапынан 24 тапсырма, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы бойынша 2 тапсырама, құрылыс басқармасы тарапынан 1 тапсырма, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 1 тапсырма, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 1 тапсырма орындалу сатысында.
 
Одан бөлек, М.Әйтенов аудан әкімдеріне инвестиция тарту бойынша берілген индикаторлардың орындалуына талдау жасап, әр ауданға жеке тапсырмалар жүктеді.
– Берілген тапсырмаларды созбалаңға салмай, дер кезінде орындау керек. Бюрократияға орын жоқ. Біздің әрбір ісіміз барлық салаларға әсер ететінін ұмытпаңыздар. Мәселені жан-жақты ойластырып, әрі үйлестіріп отыруға міндеттіміз- деді қала басшысы.
 
Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 201,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, 144,2 млрд теңге жекеменшік инвестиция, 56,9 млрд теңге мемлекеттік инвестиция. 2021 жылдың қорытындысы инвестиция көлемін 400 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Айлық индикаторлардың орындару барысына қарағанда белгіленген межеге жету мүмкіндігі толығымен бар деуге болады.
x

Check Also

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға ...