Еріктілер вакцина салдырған қала тұрғындарына арнайы жазуы бар білезік сыйға тартты — Xnews — ақпарат агенттігі

Еріктілер вакцина салдырған қала тұрғындарына арнайы жазуы бар білезік сыйға тартты

«Мен қауіпсіз жағдайдамын». Шымкент қаласында ковидке қарсы вакцина салдырған қала тұрғындарына жас еріктілер осындай жазумен білезік сыйға тартты. Мұндай ерекше іс-шара бір мезетте қаладағы үш емханада ұйымдастырылды.
Қала деңгейінде өткен іс-шара барысында еріктілер 200 азаматқа осындай білезік таратып берді. Ұйымдастырушылар осылайша екпе алған тұрғындардың қоғамға қауіпсіз екенін көпшілікке түсіндіргісі келді.
 
– Вакцина салдырған соң 7 күннен кейін иммунитет пайда болады. Ауру жұқтырғанның өзінде вакцина салдырған адам оны жеңіл өткізеді. Мутацияға ұшыраған коронавирус аса қауіпті, әйтсе де вакцинаның күші вирустың әсерін азайтады. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдау – өміріңді сақтайды, – дейді іс-шараға қатысқан дәрігер-инфекционист Жанайым Полат.
 
Айта кетейік, егу науқаны басталғалы бері қалада 521 078 адам вакцина алды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, медицина мамандары босаңсуға болмайтынын ескертуде. Барынша сақтық шараларын сақтап, карантин режимін қатаң ұстануға шақырады.
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...