Еңбек ұжымдарына Жолдау бастамалары түсіндірілді

Шымкент қаласының Абай ауданында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ «КазТрансГазАймақ» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кезекті кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды.
 
Аудандық ақпараттық-насихаттық топ Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және тағы басқа негізгі басымдықтары бойынша Акынбеков Мурат Мыктыбекұлы тереңірек қамтып өтті.
 
Кездесу соңында КазТрансГазАймақ АҚ бөлім басшысы Дінмұхамед Сейткаримов Жолдауды жүзеге асыруда қала тұрғындары ынтымақ пен бірліктің арқасында үдесінен шығатынына сенім білдіріп, жиынды қорытындылады.
Аталған бағыттағы ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасатын болады.
x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...