№2 аурухана қалыпты тәртіпте жұмыс істеуге көшті

Шымкент қалалық №2 аурухана қалыпты тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Бұл туралы медицина орталығын қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның аралауы барысында айтылды.
Аурухана карантин шаралары күшейген жаз уақытында қатаң тәртіпте жұмыс істеп, 10 шілде мен 17 қыркүйек аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың емдеу орталығына айналды. Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған орталықта жансақтау бөлімі, КТ жасау кабинеттері қарастырылған.
 
– Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатыр. Дегенмен, әрдайым дайындықты пысықтап отыру қажет. Жазда болған жағдайдан сабақ алып, денсаулығымызды күтуге, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу дұрыс екенін көрсетті, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Қазір аурухана жоспарлы түрде науқастарды қабылдауда. Мұнда жеткізілген пациенттер ковидке анализ тапсырып, нәтижесі дайын болғанша арнайы аймақта болады.
x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...