COVID-19: Шымкенттегі эпид-ахуал — Xnews — ақпарат агенттігі

COVID-19: Шымкенттегі эпид-ахуал

Шымкент қаласында өткен тәулікте 126 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ он бес тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған елу екі адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жетпіс төрт адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 413 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 901 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 512 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, онда сексен  жеті  науқас ем қабылдауда.
Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 5764 адам вакцина алды (I компонент-3032, II компонент-2732). Егу науқаны басталғалы барлығы 524 105 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 423 455 адам вакцинаның екі компонентін алды.
x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...