Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 1000-ға жуық адам жұмысқа жолдама алды

Шымкент қаласы «Арбат» алаңында жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеде 50-ден аса жұмыс беруші кәсіпорындары мен мекемелер қатысып, 9000 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесін көрсеткен жәрмеңкеде тұрақты жұмысқа 790 азамат, ал «Жастар практикасы» бағдарламасымен 121 жас жолдама алды.

Тұрақты жұмысқа жолдама алған қала жастарының бірі — Айсұлу Қорабаева. Ол биылғы жылы Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. Жұмыс іздеп жүрген қала тұрғыны дәл осы жәрмеңкеде мамандығы бойынша жұмыс тапты.

— Бүгінгі жәрмеңке жайында ақпаратты әлеуметтік желі парақшасында көріп, қуана келдім. Жәрмеңкеге келген соң бос жұмыс орындары тізімін толық қарап, өз мамандығым бойынша лайық келетіндеріне жекелей бардым. Осылайша, бастауыш пәні мұғалімі болып қаладағы №120 мектепке жолдама алдым. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының мамандары түйіндемені дұрыс жазу жолдарын түсіндірді-дейді 26 жастағы жас маман.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Солтүстік өңіріне қоныс аудару бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде еліміздің Солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға 100-ден аса шымкенттіктер қызығушылық танытып, ниет білдірді.

Айта кетсек, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 18 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 2384-і жастар практикасымен, ал 102-і алғашқы жұмыс орны жобасымен жұмысқа жолданды.

x

Check Also

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға ...