Биыл Қаратау ауданында 40 көше жарықтандырылады

Шымкенттегі Қаратау ауданында осы жылға дейін 1272 көшенің 36 көшесі жарықтандырылған болатын. Биыл ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 40 көше жарықтандырылады. Қазір оның 19 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылды.
Бұл туралы мегаполис әкіміне энергетика және инфрақұрымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады.
 
Атап айтқанда, Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Бозарық ш/а Ұстамұхамат, Ақжайық ш/а Бөкейханов, Нұртас ш/а Шертер, Қазақ радиосы, Ақ алтын, Зере, Құсқоңыр және Кентара көшелері.
 
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 21 көше — Назарбаев, Асар ш/а Жейхун және балалар емханасының аумағы, Ақбастау, Нұрсат ш/а ішкі орамдарға, Амангелді және Төлеметов көшелеріне, Қайнарбұлақтағы Степная көшесіне, Сіргелі, Асар ш/а №4 және Атекент көшшелері, Орманшы ш/а Алатау, Сайрам т/а Ибрагим ата, Мерген төбе, Кемеқалған, Бабашұлы, Өтебаев, Балқыбеков, Әбдіров, Бекмаханов, Мәртөбе т/а орталық көшелер жарықтандырылмақ.
x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...