Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялаймыз.
Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің басшыларына білім беру саласындағы қандай да бір проблемалар туралы тікелей хабарлай алады. Мәселен, бұл мектепте ақша жинау, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелері элементтерінің болмауы немесе жұмыс істемеуіне (бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары) қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін.
Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын жариялаған болатын. Өткен демалыс күндері Комитетке 300-ге жуық қоңырау шалынып, хабарламалар түскен. Ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қажетті жұмыстар жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, оқу жылының басында ҚР Білім және ғылым министрі азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) қарамағындағы білім басқармаларының басшыларына жедел қарастыруды тапсырған болатын. Олар мектептерге, сонымен бірге бүкіл оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады.
Азаматтар жауапты тұлғаларға тікелей хабарласып, кері байланыс пен қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақытылы ала алады.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Көптілеуова Бағымкүл Абубәкірқызы
Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Гүлнар Өмірбекқызы
Шымкент қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы
Ақмола облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алтаев Серік Табылдыұлы
Ақтөбе облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Күзембаева Бұлбұл Бисембайқызы
Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қабимолдаева Сәуле Нұраханқызы
Атырау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сүлейменова Гүлнәз Тұралықызы
Батыс Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сарсенғалиева Гүлнара Ақмырзақызы
Жамбыл облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызы
Қарағанды облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мусин Санат Қабиденұлы
Қостанай облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қаппасов Орал Қабиұлы
Қызылорда облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәулетова Ғалия Ноғайқызы
Маңғыстау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ Кенғанұлы
Павлодар облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Аязбаев Еркімбек Мұқатайұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сұрағанова Айнагүл Ағыбайқызы
Түркістан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшының міндетін атқарушысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы
Шығыс Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы