Білім мен шахматтың үздігі

Шымкенттік ұстаз Айгерім Жұмаділова 12 жылдан бері мектепке келген бүлдіршіндерге алғаш рет қолға қалам алуды үйретіп қоймай, шахматтың шебері екенін дәлелдеп келеді.
Қаладағы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныбының мұғалімі Айгерім Аралқызы бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігі зор жұмысты мойнына алып қалған және бүгінге дейін талай шәкірттің ой-өрісінің дамуына қосқан еңбегі ерен.
 
Ол ұстаздар арасында өткен спартакиядада «Үздік шахматшы», бірнеше халықаралық олимпиада жеңімпазы. «Әліппе», «Ана тілі» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешендерге сынақ жүргізуге қатысқан. Сонымен бірге А.Жұмаділова мектепке «Лессон стади» зерттеу жұмысын енгізген сарапшы-педагог. Осындай еңбектерінің арқасында ҚР БҒМ Республикалық Ғылыми-Практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының Алғыс хаттарымен марапатталған.
 
Жұмаділованың шәкірттері «Алтын ұрпақ», «Кіші Ғылым Академиясы» «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасы және Халықаралық «ПОНИ» секілді байқауларда жеңімпаз болған.
Бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отырған Айгерім Аралқызы ұрпаққа білім нәрін беру үшін әлі де ізденіс үстінде.
 
–Шәкірттерімнің тұлға боп дамуы үшін әр тақырыпты түсіндіру барысында түрлі тәсілдерді қолданамын. Сабақтың көрнекілігін дамыту жолында үнемі ізденемін, көптеген методикалық қолданбаларды қолданамын. Әр бір оқушы өзімнің балам секілді. Олардың болашағы жолында бар білімім мен тәжірибемді қолдануға тырысамын, — дейді ұстаз.
А.Жұмаділова биыл сәуір айында Daryn.online білім беру платформасында математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында І орынды иемденген болатын.
x

Check Also

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақы төлеуге бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолақыны төлеу тәртібіне бақылау шаралары күшейтілді. 2025 жылдың маусым айынан бастап «Бақылау-тексеру қызметі» мамандары жолақы төлемеген ...