Білім күні Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс аумағында жаңадан салынған тағы 29 білім ұясы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Түркістан облысы бойынша жалпы 78 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың дені бала саны көп, тұрғындары тығыз орналасқан ауылдарда бой көтерді. Жаңа мектептер заманауи роботехника, ІТ-технологиялар кабинеттерімен жабдықталған.

Жаңадан ашылған білім ұялары Сауран, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Бәйдібек, Түлкібас аудандары мен Кентау және Түркістан қаласының әкімшілік – іскерлік орталығында орналасқан. Жаңа оқу жылында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде №58 Ә.Марғұлан атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық білім ошағы жаңадан пайдалануға берілді. 2 гектар аумақта орналасқан жаңа ғимаратта оқу орнымен қатар спортзал, асхана және шеберханалар орналасқан.

Жаңа оқу жылында өңірде 50 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табылдырығын аттады. Бір ғана Сарыағаш ауданында бүгін 3 мың бала алғаш рет мектепке барды. Ауданда 60 мыңдай оқушы білім алады.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Ұстаздықпен өрілген өмір

Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова ...

Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Кадирова Нурлыгүл Құрманәліқызы — ұлағатты ұстаз, педагогика саласында 32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1971 жылы Шардара ауданы, Байырқұм ...