«Бақытты отбасы» бағыты арқылы 130-ға жуық азамат баспаналы болды

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты арқылы несиелік негізде 127 азамат баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағытының шарттары мен талаптарына сәйкес азаматтар пәтерді жаңа және екінші нарықтан өздері іздеп тапқан. Бұдан бөлек, бүгінде аталған бағыт бойынша конкурстан өткен 203 қатысушы өздерінің төлем қабілеттіліктеріне сәйкес тұрғын үй іздеу үстінде.
 
«Бақытты отбасы» бағытының негізгі қатысушалары – тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
 
Айта кету керек, жыл соңына дейін «Бақытты отбасы» бағыты арқылы жалпы саны 589 отбасы баспалы болу жоспарланған болатын. Бағдарлама еліміздегі аз қамтылған отбасылардың жылдық 2 %-дық мөлшерлемемен тұрғын үй алуға мүмкіндік беруде.
Шымкент қаласы бойынша 2021 жылға бөлінген лимиттің аяқталуына байланысты азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына келер жылы «Отбасы банк» арқылы қатыса алады.
x

Check Also

«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Шымкент қаласына келді

2025 жылғы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда өткен экспедиция аясында делегация Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қаланың ...

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...