Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлделерге қол жеткізді

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық мергендер тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.
Ересектер арасында он метрге пневматикалық винтовкамен көздеу жаттығуында Ислам Усейнов Азия чемпионы атанды. Ол 632,7 ұпаймен ел рекордын жаңартты. Екінші орынды Таиланд, үшінші орынды Бахрейн спортшылары еншіледі.
Ал жасөспірімдер арасында он метрге пневматикалық винтовкамен көздеуден үш жүлделі орынды отандық спортшылар еншіледі. Никита Шахторин алтын, Руслан Загитов күміс, Матвей Тимофеев қола жүлдегер атанды.
Нысана көздеуден Азия чемпионаты 20 қыркүйекке дейін жалғасады.
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...