Қазақстан машина жасаушыларының форумында шымкенттік тауарлар ұсынылды

Мемлекет басшысы «Машина жасау Қазақстан экономикасының, жұмыспен қамту мен экспорттың локомотивіне айналуы керек» деген болатын. Осы мақсатта Елордадағы ЕХРО халықаралық көрме кешенінде Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы өтіп жатыр.

Аталмыш форумға Шымкенттің арнайы тақтайшасы қойылып, жергілікті тауар өндірушілер, сонымен бірге «Индустриалды аймақтар» Басқарушы органының директоры қатысуда.

Форумның екінші күнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттік тауар өндірушілердің жұмысымен танысты. Келушілерге травертин, плиталар шығаратын «BESKUDUK TAS», ойыншық-машиналар жасайтын «БАЙТЕМИРОВА Р.», пластмасс заттар шығаратын «ЮГРЕГИОНПЛАСТ», жоғары сыныпты өндіріс майлау материалдарын өндіретін «HILL Corp», дөңгелектер мен бақша арбаларын шығаратын «TABA INDUSTRIAL», жарықдиодты шамдар шығаратын «КАЗТЕХНИКАС» секілді шымкенттік мекемелердің өнімдері ұсынылды.

Форум барысында машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы туралы пікірталастар, машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау, машина жасаудың басым кіші салалары бойынша секциялық отырыстар, Халықаралық мұнай-газ операторларымен, қатты пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...