Аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысы тұрақты қадағалануда

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көпқабатты жиырма төрт үйдің ауласында абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан күнделікті тұрақты бақылауда.
Сонымен қатар, арнайы мамандандырылған инжиниринг қызмет көрсетуші — «Global Stroy Expert», «Hazar инжиниринг», «D.E.A. Union», «BB-Media» ЖШС-нің инженер-сарапшы мамандары қадағалауда.
Абаттандыру барысында аталған мекемелердің инженер-сарапшы мамандары орын алған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қолданып, қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
Құрметті қала тұрғындары! Егер де Сіз Еңбекші ауданы аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысында кемшіліктерді байқап, анықтаған жағдайда аудан әкімі аппаратының 43-30-40 телефон нөміріне немесе +7 708 326 10 58 WhatsApp нөміріне хабарлауларыңызды сұраймыз.
x

Check Also

Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

Шымкент қаласында Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын ...

Шымкентте екі жаңа модульдік спорт зал салынады

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшылығымен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Онда «QH – Шымкент қаласында жылдам тұрғызылатын модульдік ангар ...