Аулалар қоқыстан тазартылды

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Атап айтқанда, 15, 16, 17, 18, Күншығыс, Теріскей шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, қоқыс жәшіктері және шағынауданның ішкі орам жолдары, сонымен бірге жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды.

Аталған жұмыстарға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС және «Боракбаев» ЖК мекемелерінің 105 жұмысшысы, 5 — ГАЗ-53 самосвал, 5 трактор МТЗ жұмылдырылды.

Аудандағы орталық көшелер күн сайын, ал тұрғын үйлер аулалары аптасына 4 рет тазартылып тұрады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізіледі.

Осы орайда, қала тұрғындарының назарына! Қоқыс жиналған жерге қарағанда қоқыс шашылмаған жер таза болады. Аула тазалығына әрбіріміз жауапты екенімізді ұмытпасақ. Шымкент – ортақ  үйіміз!

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...