Аудан әкімі ескі қалашық тұрғындарымен жүздесті

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ескі қалашықтың тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында тұрғындар аудан әкіміне өзекті деген мәселелерін жеткізді.
Қаламыздың ең үлкен даңғылдарының бірі саналатын Д.Қонаев жолайрығының салынуына байланысты туындаған қиыншылықтар ортаға салынды. Аудан әкімі жауапты мердігерлермен кездесіп, аталған мәселелердің екі — үш  күннің ішінде шешімін табатынын айтты. Жолайрық құрылысы қала үшін маңызды жобалардың бірі екенін айтқан ол уақытша туындаған қиындықтарға тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырды.
Сондай-ақ, тұрғындар ескі қалашыққа екі балалар алаңшасын салу жөнінде өтініштерін білдірді. Аудан әкімі бұл мәселені демеушілермен талқылап, жақын арада оң шешімін табатынын айтты.
x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...