«Атамекен» экспедициясы Сансыз бабтар мекені Сайрамда жүр — Xnews — ақпарат агенттігі

«Атамекен» экспедициясы Сансыз бабтар мекені Сайрамда жүр

«Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, баптардың бабы Арыстан баб» деген тәмсіл сөз ел арасында кеңінен таралып кеткен. XI ғасырда Сайрам ислам дінін қазақ даласына таратудың орталығы болып қалыптасқаны тарихи деректерден белгілі. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Осы себепті де «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы киелі Сайрамның кесенелерін зиярат етуді жөн санады.
 
Сансыз бабтар мекеніне келушілер әдетте ең әуелі Ибраһим ата кесенесіне ат басын тірейді. Ибраһим ата – рухани тәлімгер, діни көсем әрі осы өңірге танымал уағызшы, атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі. Тарихшылардың пайымдауынша кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта тұрғызылды.
 
Қазақстанның киелі картасына енген және бір нысан — Қарашаш Ана кесенесі. Сайрам тұрғын алабында орналасқан тарихи кесене атақты Қожа Ахмет Яссауидың анасына арнап салынған. Порталды-күмбезді құрылыс типіндегі жәдігердің алғашқы құрылысы ХІІІ ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен басталған. Уақыт өте келе табиғи жағдайдың ықпалымен бірнеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды.
 
Танымдық экспедиция мүшелері Ислам мәдениетінен сыр шертетін бірегей нысан — «Хызыр» мұнарасына да барды. Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, елді мекеннің орталығында үлкен мұнара мен мешіт тұрғызылып, ел-жұрт оны Пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атап кеткен. Мұнараның биіктігі жер сілкінісі салдарынан 10,5 метрден қазіргі 5,7 метрге дейін шөккен. Айта кетерлігі, Шымшаһарды туристік орталыққа айналдыру мақсатында аталған нысандарды күтіп-баптауға үлкен мән берілуде. Осы орайда «Хызыр» мұнарасын зерделеп, реставрация жүргізу бағытында тарихшы-археологтармен бірлесіп жұмыс атқарылуда.
 
 
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...