Ассамблея ынтымақ пен бірлік бастауы

Қазығұрт ауданында Ассамблея құрлымдарының жетекшілері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары бас қосты. Жиынға ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалымжан Шойкин қатысты.

Бас қосуда бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы айтылып, қатысушылар пікір алмасты. «Аудандардағы ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттауға көңіл бөлінуде. Этносаралық қақтығыстардың алдын алуға, реттеуге бағытталған және мемлекеттік-әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған мүмкіндіктер туралы ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов баяандама жасап  жиынға қатысқандарға  алғыс білдірді.

Кездесуде этносаралық тұрақтылықты нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. «Бізге түрлі этностар өкілдерінің арасында қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, этносаралық өзара іс-қимылдың кең коммуникациялық алаңдарын қалыптастыру бойынша нысаналы бірлескен жұмыс қажет», — деп атап өтті.

Сонымен қатар жастарды интеграция рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениеттер мен дәстүрлер өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауға бейілділік таныту қажет. Бұл бағытта Ассамблеяның барлық құрылымдары, аналар кеңестері, қоғамдық келісім кеңестері, жастар ұйымдары этносаралық коммуникация алаңы ретінде жұмыс істеуі тиіс.

x

Check Also

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында ...

Білікті хирург

Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау ...