Әл-Фараби ауданында тың жобалар қолға алынды

Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланған он бес орынға қала тұрғындары мен қонақтары тегін су ішуі үшін ауызсу бұрқақтарын (питьевой фонтан) орнату жоспарланып отыр. Аталған жоба аудан демеушілері есебінен ірі сауда орталықтары мен саябақтарға қойылмақ. Бүгінде субұрқақтардың эскизі дайындалып, демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Бұл жөнінде аудан әкімі Рашид Мыңбаев @akimat_shymkent парақшасында тұрғындармен тікелей эфирде жүздесу барысында айтты.
 
Сондай-ақ, аудан басшысы тағы бір жаңа бастаманың қолға алынып жатқанын жеткізді. Аудан аумағына жолаушылардың хабы саналатын 10 нүктеге соңғы үлгідегі «Smart» аялдамалар салынбақ. Онда тұрғындардың ыңғайлылығы үшін тегін Wifi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша орнатылады.
Ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуға ниетті азаматтарды тың идеялар мен жаңа бастамаларды бірге жүзеге асыруға шақырды. Эфир соңында тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...