АГРС-3: газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүрізілуде

Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым жұмыстарының барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырылды. Ең алдымен журналистерді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков құрылысы жүргізіліп жатқан автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс барысымен таныстырды.
Басқарма басшысы Шымкент қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға орнылдалғанын атап өтті. Ал, нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылған.
 
Бүгінгі таңда, АГРС-3 нысанның газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүрізілуде. АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айының соңына дейн іске қосу жоспарға қойылған.
Газ тарату стансиясы іске қосылған кезде, тұрғын үй, әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бүгінде 92,2% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады.
 
Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі -250 000 м3/сағ құрап отыр. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын
Стратегиялық маңызы бар нысан құрылысын мердігер мекеме «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізілуде.
x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...