Абай ауданы келер жылы толық сапалы электр жарығымен қамтылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Абай ауданы келер жылы толық сапалы электр жарығымен қамтылады

Қала тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, Абай ауданы келер жылы сапалы электр энергиясымен жүз пайыз қамтамасыз етіледі.

Жалпы Абай ауданында отыз төрт елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде сегіз елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді.

Аталған елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы бюджет есебінен 3,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке жиырма жыл, Ақжар елді мекендерінде электр желілері мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2021 жылдың соңына дейін және 2022 жылға өтпелі.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...