Шымкентте этноауыл өртенді

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды

Қаланың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 26 тамыз түнде басталған. Әл-Фараби ауданы Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар 00.49-да түскен. Ол жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбесі жанғанын анықтады.

Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толық сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды.

http://www.youtube.com/watch?v=ggI3mloY0RY

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...