Иваннан қорқатын Қажымұқан ба, әлде біз бе? — Xnews — ақпарат агенттігі

Иваннан қорқатын Қажымұқан ба, әлде біз бе?

Қайран, Қажымұқан бабам-ай! Ана бір жылдары өзің жайлы кино түсіріп бір күлкіге қалып едік. Орыс аюының қасында қонжықтай майпаңдатып, Поддубныйдың қолбаласындай жалпаңдатып қойған қойған образыңды көріп бір жүрек ауырып еді сол кезде. Оны да кеңестік идеологияның кесірі ғой деп жылы жауып қоя салдық. Енді міне, тағы… «Ұлы» көршіміз түсірген, қазір прокатта жүріп жатқан «Иван Поддубный» фильмінде орыс палуаны түріктің Хаджимуканын басынан айналдыра жерге қадап, жұлынын үзіп жіберді…

Атамыздың түрік палуаны атанғаны рас. Аты-жөні де келіп тұр. Тек, Поддубныйдан мұндай масқара ұтылған жері жоқ еді ғой. Орыс режиссері мен сценаршысы әдейі істемеген күнде, Қажымұқанның қазақ екенін, олардың Ивандарының өзі біздің батырымыздан ығып жүргенін білуі тиіс еді ғой. Ресей қазір кез-келген нәрседен ұлттық идеология жасауға кірісті. Онысы жап-жақсы жүзеген асып жатыр да. Есенинін де, Высоцкийін де, тіпті хоккейші Харламовын да орыс патриотизмінің туын желбіретуге пайдалануда. Енді атақты палуан Иван Поддубный аталған фильм арқылы сол миссияны жалғастыруда. Өткенде бір қазақстандық режиссер Қажымұқан жайында сериал түсірмек дегенді көзім шалып қалып еді. Ол қалай түсірер екен? Батыр бабам Ивандарды боз кілемде илеп тастар ма екен? Әлде, халықтар достығына сызат түсірмес үшін жығыла салады ма?..

Арман Сқабылұлы
«Алаш айнасы» (22.07.2014ж)

Яндекс.Погода
x

Check Also

Геология мамандығының негізін қалаушы – ұстаз Шаhмардан

Шаһмардан Есенов — қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Қаз. КСР ...

Шахмардан Есенов: ғұмырға созылған экспедиция

Бүгінгі Қазақстанды бұл тұлғасыз елестету өте қиын. Өйткені ғалымның тарихта қалдырған ізі елдің болашақ тағдырын айқындап берді. Мысалы, бізде Жезқазған, ...