250 мың халықты қамтитын «Бозарық» электр станциясы іске қосылды

Конституция күні аясында Шымкент қаласында 220 кВ электр қуатын беретін «Бозарық» қосалқы электрстанциясы іске қосылды.

Энергокешеннің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне нысанның стратегиялық маңызы жөнінде мағлұмат берді.

Құрылыстың соңғы сатысында кешенге электр қуаты беріліп, 72 сағаттық мерзімде техникалық сынақ жұмыстары жүргізіліп, сәтті өткен.

«Бозарық» қосалқы электр станциясы негізгі кешен саналып, ол қуаты 110/35/10 кВ болатын 5 қосалқы электр станцияларының қосылу көзі болып табылады. Осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары аяқталған. «1-М-1» станциясының құрылысы жалғасып жатса, «Ынтымақ» қосалқы станциясының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге тапсырыс берілген.

Кешеннің іске қосылуымен Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкентсити, Достық, Нұрсәт шағын аудандарында электр қуатының сапасы артады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл кешен 250 мыңнан астам халықты сапалы электр энергиясымен қамтитын болады. Қаламыз ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасып отыр. «Бозарық» электр станциясы стратегиялық нысан ретінде шаһардағы электр қуатының жетіспеушілігін шешеді», — деді М.Әйтенов.

Айта кету керек, «Бозарық» қосалқы электр станциясы қаланың құрылысы қарқын алған солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз етпек. Мұнда жаңа шағын аудандар бой көтеріп, жаңа өндірістік аймақтың іргесі қаланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...