Ордабасы – жылыжайлардың отанына айналады

«Елнұр Айдар» шаруа қожалығы алма бауынан бөлек тропикалық жемістер лимон мен анар өсіруден тәжірибе жинақтаған шаруашылық. Бүгінде Қажымұқан елді мекенінде орналасқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенде 34 млн теңгелік жоба жүзеге асып, 3 гектар алқапқа алма, 1 гектарына анар және 700 түп лимон егілген, деп хабарлайды Xnews Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кооператив өткен жылы 3 гектар алма бауынан 2 тонна алма, 0,5 гектардан 15 тонна лимон (5-6 жылда өнім көлемін 60 тоннадан асыру жоспарланған) жианаған.

Шаруашылық кешенінің басшысы Бахытжан Утанбаевтың айтуынша 1 гектарға отырғызылған анар көшетінен 500 келі өнім ( 5-6 жылдан соң 20-30 тонна өнім алу көзделген) алған.

Қазіргі таңда аталған шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыс істеуде. Айлық орташа жалақысы 80-100 мың теңге көлемінде. Алдағы уақытта аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің дайын өнімдері Шымкент қаласы мен республиканың өзге өңірлеріне сатылмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...