Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (видео)

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды elbasy.kz.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

«Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

© 24.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Тағы да бір кезекті ота, тағы да бір өмір

Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ. © Ибн Сина (Авиценна). Жұмысшы мамандықтар жылы: дәрігер – өмір сақшысы. 2025 ...