Қажымұқанның мәдениет саласына сіңірген еңбегі талқыланды

Көкшетауда Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Жаһандық күш атасы – Қажымұқан» атты халықаралық онлайн-конференция өтті.

Ақмола облысы Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы өткізген шараға Қазақстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары қатысты.

«Қажымұқан-аты аңызға айналған тұлға. Ол Алпамыс, Қобыланды, Бөгенбай, Қабанбай сынды ежелгі дала алыптарының тарихи жолын жалғастырған адам. Қазақстанда грек-рим күресінің қалыптасуы онымен байланысты. Біздің ұлы жерлесіміз Қазақстанды халықаралық аренада таныстырды. Ақмола өңірін даңқтап, Азия, Еуропа, Америка және Африка құрлықтарын жаулап алған балуанның есімі тарихқа енді», — деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.

Бұдан әрі Қажымұқан Мұңайтпасовтың ұлттық спорт пен мәдениеттің дамуына ықпалы туралы Қазақстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары баяндама жасады. Айта кетейік, шараға атақты спортшының немересі, әнші, ақын Бақытжан Қажымұқан арнайы қонақ ретінде қатысты.

Сондай-ақ, мерейтойға орай Қажымұқан Мұңайтпасовтың жеке заттарынан «Әлемді білегінде ойнатқан палуан» көрмесі ұйымдастырылды, Ақмола облысы балуандарының қатысуымен спорттық жарыс өтті. Қазақстанда балуанның есімімен көшелер, стадиондар, мамандандырылған спорт мектеп-интернаттары, скверлер аталған. Ал Ақмола облысының Целиноград ауданында оның туған ауылына Қажымұқан есімі берілген. 2011 жылы Көкшетау қаласындағы көшелердің біріне де аты аңызға айналған балуанның есімі берілді. Бұдан бөлек, Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімімен №3 облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, сондай-ақ спорт мектебі орналасқан спорт кешені аталады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Білім сапасын көтереміз десек…

Өзім зейнеттегі кәсіби педагог болғандықтан, бір құлағым білім саласына түрулі жүреді. Әсіресе әр жылдағы ҰБТ-ның көрсеткішін көріп, білім саласындағы өзгерістерге ...

Биыл ірі бизнес өкілдері 10-нан аса ғылыми жобаны қаржыландырады

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы қойған ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту міндеттерінің іске асырылу ...