Дәулетбек Байжігітұлын еске алуға арналған ҚР чемпионаты өтті

6-9 мамыр күндері аралығында Темірлан ауылы, Қажымұқан атындағы орталық стадионда Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақ, самбо, дзю-до күрестерінен КСРО-ның спорт шебері Дәулетбек Байжігітұлын еске алуға арналған белбеу күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Ордабасы ауданы қазақ күресінің бесігіне айналған қасиетті өңір екенін атап өтті. Жастар арасында спортты насихаттау мен ұлттық рухты қалыптастыруда осындай жарыстардың ерекше орын алатынына тоқталды.

Республикалық чемпионатқа жалпы 13 облыстан 205 спортшы қатысып, ұлдар — 8 салмақ дәрежесі, қыздар 6 салмақ дәрежесі бойынша өз ара мықтыларын анықтады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...