Шымкенттегі балықтардың қырылуына қатысты сараптама нәтижесі жарияланды

Шымкенттегі балықтардың қырылуы туралы сараптама нәтижесі белгілі болды. Балық өлекселерін тексерген зертхана қызметкерлері паразиттер мен радиацияға да қарсы талдау жасаған. Алайда қауіпті ештеңе таппаған, деп хабарлайды Xnews «Хабар-24«-ке сілтеме жасап.

Балықтың жаппай қырылуының нақты себебін айту үшін су сынамаларының нәтижелері де қажет. Ол әзірге дайын емес. Ал сарапшылар өзендегі судың күрт төмендеуінен маринкалар өліп қалуы мүмкін деген де болжам жасады.

Бауыржан Саржанов, ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

  • Балықтан проба алдық. Пробаны республикалық зертханаға өткіздік. Сол нәтижесі бойынша ешқандай жұқпалы аурулар, радиология мен паразитологияға тексерілді. Ешқандай ауру белгілері болған жоқ. Біздің жорамалымыз бойынша, сол жауыннан судың көлемі үлкейіп шетке қарай су тасып сол балықтар содан қалып кеткен болуы керек, жорамал осы.
© 24.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...