Малды қарапайым әдіспен семіртуде

Аймағымызды, қала берді елімізді азық түлікпен қамтуда Сайрам ауданының үлесі мол. Мұнда халыққа қажет ауыл – шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі өндіріледі. Оның қатарында ерте пісетін көкөністермен қатар ет өнімдерінің де үлесі мол. Солардың бірі — Манкент ауыл округіндігі «Абдулазиз» шаруа қожалығы. Мал бордақылап, ет өткізумен айналысатын мекеменің жетістіктері де көп.

Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі – Манкент ауылындағы «Абдулазиз» шаруа қожалығы. Өз кезегінде бұл шаруашылық та ауданның ет экспортына қомақты үлес қосып келеді. Қожалық бұрынғы шағын бордақылау алаңын кеңейтіп, бүгінде 400- ге жуық ірі қараны бордақылауда.

Фаррух Митешов — кәсіпкер:
Шаруашылықта өндірілген ет өнімдері негізінен, Нұрсұлтан мен Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларына саудалануда. Бүгінгі күні мұнда 4 адам жұмыспен қамтылып, тұрақты жұмыс істейді.

Жұрат Махсутов — Манкент ауыл округі әкімінің орынбасары:
Қожалық иелері биыл бордақыланатын мал басын тағы да арттыруды көздеп отыр. Ол үшін жаңа технологиялар ендірудің аса қажеті жоқ. Тек малдың табиғи түрде азықтануын қамтамасыз етіп, соған баса назар аудару керек дейді. Ал ондай қарапайым әдіс мұнда бар.

Мұхтар Атабек – тілші:
Әдетте мұндай алаңдарда малдың азық жеп, су ішетін ақыр- астаулары биктеу тұратын. Ал мұнда керісінше, жерге орналастырылған… Алайда оның да себебі бар екен.

Хикметулла Құлахметов – жұмысшы:
Оның себебі — мал азық жеп су ішкенде өзінің табиғи жаратылысына қарай мойнын созып жеп, ішуі тиіс. Бұл азыққа деген тәбетінің артуымен қатар, мойын бездерінің жұмыс істеуіне әсер етеді…. Соның негізінде мал ерте семіреді…

Шаруалар осындай қарапайым әдіспен –ақ мал басын көбейтіп, экспортқа шығатын ет өнімін де еселемек. Ал ондай кезде жұмысшылар саны да артары сөзсіз.

© shymkenttv.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...