Түркістан облысында алғаш рет мүгедектікке шығу деңгейі 18%-ға төмендеді

Мүгедектіктің алдын-алу мақсатында анықтау, профилактикалық және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда Түркістан облысында алғаш рет мүгедектікке шығу деңгейі 18%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қаралған отырыста облыс әкімі бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

«Түркістан облысында 94 500 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады, бұл облыс халқының 5%-н құрайды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту шараларымен қамтамасыз ету үшін бюджеттің барлық көздерінен бөлінген қаржы 22%-ға ұлғайып, 2020 жылы 4,8 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, 34 мыңнан астам адам немесе қажеттіліктің 74%-ы оңалтудың техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтерімен қамтылатын болады»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан өңіріне облыс мәртебесі беріліп, қайта жаңғыруына байланысты мүгедектерге арналған заманауи оңалту орталығын құру қажеттілігі туындауда. Бүгінгі таңға, мүгедектерге арналған сыйымдылығы

50 орындық 6 әлеуметтік нысанның және 200 орындық оңалту орталығының құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Оның ішінде 50 орындық 3 нысанның құрылысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізу жоспарланған.

«Ұлттық жоспардың маңызды бағыты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру. Осы бағытта облыста бейімделуге жататын 2 895 нысанның 98%-ы сәйкестендірілген. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін басқарма және қоғамдық ұйымдар тарапынан мониторинг жүргізіліп, қолжетімді ортаны одан ары арттыру бойынша тиісті іс-шаралар атқарылуда. Биылғы жылы пилоттық режимде бастама алған «Әлеуметтік қызметтер порталы» мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін

2021 жылы толық іске асырылады», — деді облыс әкімі.

Бүгінгі күнге мүгедектігі бар азаматтардың 94%-ы электрондық-цифрлық қолтаңба алды. Бұл 42 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматтарға оңалту шараларын сапалы және делдалсыз еркін таңдауға тиісінше, толық мүмкіндік береді.

Өңірдегі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың 48%-ы (17 272 бала) инклюзивті және арнайы біліммен оқытылуда. Мүгедектіктің алдын-алу мақсатында анықтау, профилактикалық және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда алғаш рет мүгедектікке шығу деңгейі 18%-ға төмендеді.

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандардың 60%-ы, не 59,2 мың адам еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Оларды жұмыспен қамту үлесін ұлғайту мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде белсенді шаралар қарастырылған. 2020 жылдың 1 қарашасына еңбекке жарамды 1 610 мүгедек жұмыспен қамту шараларына тартылып, жоспар 111 %-ға орындалды. Оның ішінде 541 адам тұрақты, 1039 адам уақытша жұмысқа, 30 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. 572 адамға квота белгіленіп, 263 адам жұмыспен қамтылды. 2021 жылы мүгедек жандарды квотамен жұмысқа орналастыру үшін 1 334 кәсіпорында 3 331 мүгедекке орын белгіленген.

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды. әкімдіктерге мүмкіндігі шектеулі жандарды Әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы оңалту құралдарын алу дағдыларына оқытуды жаңғырту, Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Жұмыспен қамту орталықтары мен ХҚКО-ларда мүгедек адамдар үшін өзіне – өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту тапсырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...