© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында жыл басынан бері 770,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндауда.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру аясындағы атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің сөзінше, өңірде жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 4,2%-ға артып, 770,2 млрд теңгені құраған. Жыл қорытындысымен өсім қарқыны осы деңгейде сақталады деп жоспарлануда. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 434,5 млрд теңгені құрап, бүгінгі күні өңірде 142,3 мыңға жуық шағын орта бизнес субъектілері 224,1 млрд теңгенің өнімін өндірді. Инвестиция көлемі маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысқа 480,9 млрд теңге инвестиция тартылып, көлемі 70,6%-ға артқаны байқалады. Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін барлық шаралар қолға алынған.

«Ауыл шаруашылығында 635,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,8%-ды құрады. Жалпы 831,2 мың тонна өнім экспортталып, 90,5 млн АҚШ долларын құрады. Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі 194,5 млрд. теңгені құрап, 78,3%-ға ұлғайды. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 492,4 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,9% құрады. Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 56 нысанның құрылысына 18,9 млрд теңге қарастырылып, қамту деңгейі 82,7% құрады. 2020 жылы 43 табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге 14,0 млрд теңге бөлініп, жылдың қорытындысымен 20 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде, 423 елді мекен немесе 1 млн 275 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...