Түркістан облысында Ордабасы мақта өнімділігі бойынша көш бастап тұр

Түркістан облысының Ордабасы ауданында әр гектардан 30 центнер шитті мақта жиналды.

Жаңа технологияларды қолданудың арқасында өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан.

Алқаптағы мақта «John Deere» комбайндарымен терілуде. Нәтижесінде, шаруалар жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Мәселен, «Рамазан-Агро» ЖШС гектарынан 35 центнерден өнім алған. Ал, «Ордабасы-Агро» гектарынан 41 центнерден мақта жинады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында биыл мақта терімі науқаны өнімді техникамен жинауға басымдық берілуімен де ерекшеленуде. Жалпы, өңірде ақ алтынның 83 пайызы комбайнмен жиналып отыр.

Ал, баға мәселесіне тоқталсақ, алғашқыда мақтаның тоннасы 130 мың теңгеден қабылданса, бүгінде бір тонна мақтаның бағасы 155 мың теңгеге бағалануда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...